Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы" Коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки детей, находящихся в трудной жизненной ситауции г. Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаз болу

02.10.2020

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай, шынында да ұстаз жолы жауапкершілікті талап ететін, бағасыз еңбек.

Өйткені ұстаздардың оқушыларға берген білімі, тәрбиесі, терең, пайдалы және мағыналы болуы қажет.

Ұстаз-білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі.

Біздің Мекемеде де білімді, тәжірибелі, ұлағатты ұстаздар қызмет етеді.  Қазіргі уақытта Орталыкта 19 бала тәрбиеленеді. Ең кішісі бес жастағы балалар, ең үлкені Кристина-17 жаста.

Бүгін Кристина туралы жазғым келеді. Осы Орталықта өмір сүріп жатқан уақыт аралығында, ол мұғалім мамандығына оқығысы келетінің түсінді. Кристина алдына қойған мақсатына жететін ашық мінезді, мейірімді қыз. Онымен әңгімелесіп отырған кезде ол кішкентай кезінен бастап мұғалім болуды армандап, болашақта не қалайтының және қандай маман иесі болатынын ашық  айтады. Әрине Кристинаның осындай жолды таңдауына себепкер болған  мұғалімдердің де еңбектері орасан зор.

Кристина өз қалауы бойынша сабақтан тыс уақытта балалармен біршама жұмыс жасайды. Оларға есептер мен тапсырмалар шығаруға көмектеседі. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Ол бос уақытын балалармен бірге өткізгенді ұнатады.

Біз Кристинаны өзін танытып, тырысқаны үшін қолдаймыз. Біздің тәрбиеленушілеріміз сияқты Кристинаның да болашақ  өмірінің жақсы болғанын қалаймыз.

Ал біз болашақ ұрпағымыз тәрбиелі, өнегелі болуы үшін білімімізді, дағды мен біліктілігімізді ұсынамыз.

Ұстаздан шәкірт озар деген сияқты Кристинаға үлкен үміт артамыз!

                                                                                                                 Ишанбаева А.К.

Просмотров: 19264


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст